«Зәкеңнің туған күні»: Мақпал Жүнісова марқұм жолдасын жоқтап, жазба жариялады (ВИДЕО)

Қаңтар 15, 2026 - 11:23
 0  11
«Зәкеңнің туған күні»: Мақпал Жүнісова марқұм жолдасын жоқтап, жазба жариялады (ВИДЕО)
Фото: видеодан скрин

Бүгін – Қазақ КСР-і мен Қазақстан Республикасының мемлекет және қоғам қайраткері, саясаткер Заманбек Нұрқаділовтің туған күні, деп хабарлайды sadaq.kz.

Заманбек Қалабайұлы 1944 жылы Алматы облысы, Нарынқол ауданында өмірге келген. Ұлы жүздің Албан тайпасының Қоңырбөрік руынан шыққан.

Осы тұста саясаткердің жесірі Мақпал Жүнісова желідегі парақшасына жантебірентерлік жазба жариялап, видеосын бөлісті.

"Заманбегім, заңғарым. Зәкеңнің бүгін туған күні. Топырағыңыз торқа болсын", - деп жазды Мақпал Жүнісова.  

Естеріңізге сала кетейік, Заманбек Нұрқаділов 2005 жылдың 12 қарашасында өз үйінен өлі табылды. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0