Жамбылда шетелдік танымал әнші NAVAI есірткі контрабандасы күдігімен ұсталды

Ол мініп келген автокөлікті тексеру барысында есірткі заты табылып, тәркіленді. Аталған дерек бойынша есірткі заттарының контрабандасына оқталу күдігімен қылмыстық іс қозғалды

Қазан 15, 2026 - 09:29
 0  2
Жамбылда шетелдік танымал әнші NAVAI есірткі контрабандасы күдігімен ұсталды
фото: видеодан скриншот

Жамбыл облысында есірткі контрабандасы күдігімен шетелдік әнші ұсталды.

13 қазанда "Қордай" шекарасы маңындағы бақылау-өткізу пунктінде Қазақстанға кіру кезінде полиция қызметкерлері ҰҚК Шекара қызметімен бірлесіп, сахналық лақап аты NAVAI ретінде белгілі шетелдік азаматты ұстады.

"Ол мініп келген автокөлікті тексеру барысында есірткі заты табылып, тәркіленді. Аталған дерек бойынша есірткі заттарының контрабандасына оқталу күдігімен қылмыстық іс қозғалды", - дейді полиция.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0