«Жасанды»: Тіл маманы Асхат Аймағамбетовтің жазбасын сынап тастады
Аудармашы Ерлан Ысқақов депутат Асхат Аймағамбетовтің пікіріне жауап беріп, оның жазбасын сынға алды, - деп хабарлайды Sadaq.kz.
Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов әлеуметтік желіде жастар мен жасанды интеллект туралы ойын білдірген.
«Newsweek жазған тренд: жастардың көбі тірі қарым-қатынасты ЖИ-мен алмастырып жатыр. Олар ЖИ-ге ең жеке әңгімелерін сеніп айтады да, достарын ондай әңгімелермен “мазаламайды”», - дейді депутат.
Ал аудармашы Ерлан Ысқақов бұл пікірге қатысты күмәнін білдіріп, мәтіннің мазмұны мен тілдік қолданысын сынға алды:
«Ық-ым, “тірі қарым-қатынас”… “өліден” жақсы ғой, бірақ бұл жерде “адамның адаммен араласуы, бетпе-бет тілдесуі, көзбе-көз әңгімелесуі, сөйлесуі” туралы сөз болып тұр емес пе… Бір емес, бірнеше рет байқадым — осы кісінің қазақша мәтіндері “жасанды” — сөзбе-сөз аударғандай, мәз емес… “ЖИ-мен алмастырып жатыр” (қарапайым ойды қарапайым жеткізсе болар еді), “ең жеке әңгімелері” (сырын, көкейіндегісін…)… », - деп жазды Ерлан Ысқақов.
Желі қолданушылары бұл пікірталасқа түрлі көзқарас білдіріп, бір бөлігі депутаттың ойын қолдаса, енді бірі аудармашының сынын орынды деп бағалап жатыр.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0