900 млн теңге ұрлаған Астаналық мектеп директоры сотталды
Астана қаласының №81 «Astana English School» мектебінің бұрынғы директоры Гүлнар Садықоваға қатысты сот үкімі шықты. Ол мектеп бухгалтерімен сыбайласа отырып, аса ірі көлемде мемлекет қаржысын ұрлады деп айыпталды, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Қылмыстық схема өте қарапайым болған: директор өз туыстарын жұмысқа «өлі жан» ретінде тіркеп, оларға заңсыз жалақы аударып отырған. Сонымен қатар, ата-аналардан нөлдік сыныптар мен мектеп лагерлері үшін заңсыз ақша жинау фактілері де анықталды.
Сот үкімімен оның барлық қымбат мүлкі тәркіленді. Олардың ішінде зәулім үй (особняк), люкс автокөліктер, брендтік сөмкелер мен бағалы әшекейлер бар.
«Түйені түгімен жұтқандар осылай жазалануы тиіс» дейді желі қолданушылары. Енді экс-директор өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істей алмайды.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0