«Әділет» партиясы ресми тіркелді: құрамына «Жаңа адамдар» қозғалысының өкілдері енді

Маусым 1, 2026 - 19:11
app_badging Маусым 1, 2026 - 19:28
chat_bubble  0 visibility  4
«Әділет» партиясы ресми тіркелді: құрамына «Жаңа адамдар» қозғалысының өкілдері енді
Фото: Жаңа адамдар

2026 жылғы 1 маусымда «Әділет» партиясы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өтті, деп хабарлайды sadaq.kz.

Бұл елдің саяси дамуындағы маңызды кезеңдердің бірі саналады. Партия өкілдерінің мәлімдеуінше, жаңа саяси ұйым Әділетті Қазақстан құру бағытын қолдайтын, қоғам өміріне белсенді араласуға дайын азаматтарды біріктіруді мақсат етеді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған Әділетті Қазақстан тұжырымдамасы азаматтардың мемлекет пен қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыруға негізделген. Осы идея аясында үш жарым жылдан астам уақыт бұрын құрылған «Жаңа адамдар» қозғалысы бүгінде еліміздің әр өңіріндегі ондаған мың белсенді жастың басын қосқан ұйымға айналды.

Қозғалыс мүшелері осы уақыт ішінде экология, балалар қауіпсіздігі, қалалық ортаны дамыту, заң мен тәртіп мәдениетін қалыптастыру бағыттарында бірқатар азаматтық науқан мен еріктілік жобаларды жүзеге асырды.

Партияның хабарлауынша, жинақталған тәжірибе азаматтардың қоғамдық мәселелерді шешуге қатысуға дайын екенін көрсетті. Осыған байланысты «Жаңа адамдар» қозғалысының өкілдері жаңадан құрылған «Әділет» партиясының құрамына енді. Партияның Саяси кеңесі құрамына «Жаңа адамдар» қозғалысының негізін қалаушы Асель Баденова, қозғалыстың баспасөз хатшысы Алпамыс Әбілов және тең құрылтайшысы Мейіржан Ғарифолаев кірді.

Партия жаңа конституциялық құндылықтарды, Президент реформаларын және Әділетті Қазақстан идеясын елді дамытудың негізгі бағыты ретінде қолдайтын азаматтарды біріктіретінін мәлімдеді.

«Жаңа адамдар» қозғалысының негізін қалаушы Асель Баденованың айтуынша, бүгінде азаматтар елдегі үдерістерді сырттай бақылап қана қоймай, шешім қабылдау процесіне қатысып, нақты нәтижеге ықпал етуді қалайды. 

«Партияның Саяси кеңесіне кіре отырып, мен бұл жұмысты жауапкершіліктің жаңа деңгейінде жалғастырамын. Елдегі өзгерістердің табысты болуы азаматтардың сол өзгерістерге белсенді қатысуына байланысты», – деді ол.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0