Ақмола облысында отадан кейін қар тазалаған үш баланың анасы қайтыс болды

Қаңтар 31, 2025 - 11:26
Қаңтар 31, 2025 - 11:27
Ақмола облысында отадан кейін қар тазалаған үш баланың анасы қайтыс болды

31 жастағы ана 27 қаңтарда сегіз апталық баласынан айрылып, келесі күні өзі қайтыс болды, деп хабарлайды Orda.kz.

Nayza Kokshe мәліметінше, 31 жастағы үш баланың анасы 27 қаңтарда аудандық ауруханаға қан кету диагнозымен түсті. Жүктіліктің тоқтап қалуына байланысты оған ота жасалды.

Үйінде кішкентай балалары бар әйел, ауруханада ұзақ жатудан бас тартты. Дәрігерлердің айтуынша, осы күндері олар әйелмен байланыста болған, ол денсаулығына байланысты ешқандай шағым айтпаған. Ал 29 қаңтарда әйел қар тазалауға шыққаннан кейін жедел жәрдеммен Есіл аудандық ауруханасына жеткізілді. Оған ішкі ағзаларына қанның кетуіне байланысты операция жасалды, бірақ құтқару мүмкін болмады.

Ақмола облысының Полиция департаменті осы оқиғаға қатысты алдын ала тергеу басталғанын хабарлады.

«Алдын ала мәліметтер бойынша, 27 қаңтарда марқұм аудандық аурухананың гинекология бөлімшесіне түскен, оған операция жасалған. Сол күні өз қалауы бойынша үйіне жіберілген, бірақ 29 қаңтарда жедел жәрдем көлігімен ауруханаға кетіп бара жатып, қайтыс болды» деп хабарлады департамент.

Материалдар ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті департаментіне тексеру жүргізу үшін жолданды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow