Ақтөбеде ойдан шығарылған қарызды талап еткен 7 адам ұсталды

Шілде 16, 2026 - 15:33
chat_bubble  0 visibility  4
Ақтөбеде ойдан шығарылған қарызды талап еткен 7 адам ұсталды
фото: sputnik.kz

Ақтөбеде бопсалау және тонау қылмыстарына қатысы бар деген күдікпен 7 адам ұсталды, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.

Полиция мәліметінше, олар әлеуметтік тұрмысы тұрақсыз адамдардан құралған.

"17 маусымда күдіктілер ойдан шығарылған қарызды қайтару сылтауымен жәбірленушіге күш қолданып, оны несие рәсімдеуге және депозиттік шотынан ақша шешіп алуға мәжбүрлеген. Осылайша олар заңсыз жолмен 700 мың теңгені иемденіп, жәбірленушіге елеулі материалдық шығын келтірген", – деп хабарлады полиция.

Жеделіздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері жеті күдіктіні анықтап, оларды ұстады.

Барлығы ішкі істер органдарына жеткізілді. Қазіргі уақытта бопсалау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ ұсталғандардың Ақтөбе облысында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріледі.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0