Алматы-Ақтау бағытындағы ұшақтан ақау шығып, шұғыл қонуға мәжбүр болды

Қыркүйек 1, 2025 - 14:45
 0  27
Алматы-Ақтау бағытындағы ұшақтан ақау шығып, шұғыл қонуға мәжбүр болды
Фото: видеодан кадр

Air Astana әуе компаниясының Алматыдан Ақтауға ұшқан ұшағы шұғыл қонуға мәжбүр болды, деп хабарлайды sadaq.kz.

Оқиға 31 тамыз күні болған.

Компанияның ресми ақпаратына сәйкес, Алматы-Ақтау бағытындағы КС 859 рейсінің экипажы Ақтауға жақындаған кезде техникалық ақау туралы хабар берді.

– Нұсқаулыққа сәйкес бірінші болып қонуға рұқсат сұрады. Кейін ол Ақтау әуежайына аман-есен қонды, – деп хабарлады Air Astana әуе компаниясының баспасөз қызметі.

Қазіргі таңда ұшақта тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ рейстің жолаушылары басқа әуе кемесіне ауыстырылған.

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0