Алматыда 47 оқушы уланып қалды

Мектеп-интернаттағы тағы 8 бала оқшауланып, медициналық бақылауға алынған

Қазан 14, 2026 - 10:08
 0  1
Алматыда 47 оқушы уланып қалды
фото: sputnik.kz

Алматыдағы Республикалық физика-математика мектебінің 47 оқушысы жедел ішек инфекциясының белгілерімен ауруханаға түсті, деп хабарлады қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.

Ведомствоның мәліметінше, балалар 2026 жылдың 12-13 қазаны аралығында Балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған. Қазір олардың барлығы дәрігерлердің бақылауында.

"Мектеп-интернаттағы тағы 8 бала оқшауланып, медициналық бақылауға алынған", - деп жазылған хабарламада.

Оқиғаға байланысты Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің қаулысымен мектептің, интернаттың және ас блогының жұмысы уақытша тоқтатылды.

Қазіргі уақытта мамандар тексеру жүргізіп, зертханалық зерттеулер үшін сынамалар алды.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0