«Ата-анасы мен қарындасын өлтірген»: Астана маңында жантүршігерлік қылмыс тіркелді
Ақмола облыстық Полиция департаменті Астана маңындағы Жібек жолы ауылында болған қатыгез кісі өлтіру дерегіне байланысты тараған ақпаратқа пікір білдірді, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Тengrinews.kz мәліметінше, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде бір отбасының бірнеше мүшесі көз жұмғаны туралы хабарламалар тарап кеткен. Алдын ала болжам бойынша, ұлы өз ата-анасы мен қарындасын өлтірген болуы мүмкін. Кейбір деректерде бұл қылмысқа ауыл тұрғыны қатысы бар екені де айтылуда.
Полицияның мәліметінше, Аршалы ауданына қарасты Жібек жолы ауылында орын алған адам өлтіру фактісі бойынша күдікті жедел түрде қолға түсіп, уақытша ұстау изоляторына қамалған.
«Аталған факті бойынша қылмыстық іс тіркелді. Тергеу жұмыстары департамент басшылығының ерекше бақылауында», – деп мәлімдеді ведомство.
Қаза тапқандардың нақты саны әзірге анықталып жатыр. Тергеу құпиясына байланысты өзге мәліметтер жария етілмейді.
Қазіргі уақытта оқиға орнында құқық қорғау органдары жұмыс жүргізіп жатыр. Алдын ала ақпаратқа сәйкес, қылмыс болған үй орналасқан көше қоршауға алынып, бөгде адамдардың кіруіне шектеу қойылған.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
1
Қайғылы
0
Жарайсың
0