Қаза тапқандар бар: Астана – Петропавл автожолында көлік өртенді

Шілде 14, 2026 - 15:05
chat_bubble  0 visibility  4
Қаза тапқандар бар: Астана – Петропавл автожолында  көлік өртенді
Фото: Видеодан скрин

Ақмола облысы Бұланды ауданы Жаңаталап ауылының маңындағы «Астана – Петропавл» автожолында автокөлік өртенді, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Оқиға орнынан түсірілген бейнежазба бұған дейін әлеуметтік желілерде тараған болатын. Видеода көліктің толықтай отқа оранғаны көрінеді. Сондай-ақ желі қолданушылары қаза тапқандар болуы мүмкін екенін жазған.

Ақмола облысы Полиция департаменті оқиға болғанын растады.

Бұланды ауданы Жаңаталап ауылының маңындағы «Астана – Петропавл» автожолында болған автокөліктің өртену фактісі бойынша полиция қызметкерлері тексеру жүргізіп жатыр. Оқиға орнында полиция қызметкерлері мен төтенше жағдайлар қызметінің мамандары жұмыс істеуде. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Қаза тапқандар бар, олардың жеке басы да анықталып жатыр. Тексеру нәтижесі бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес процессуалдық шешім қабылданады, – деп хабарлады Ақмола облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта қаза тапқандардың саны, автокөліктің өртену себептері және өзге де мән-жайлар анықталуда. Тексеру жалғасып жатыр.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0