Қызметкерлерін рогаткамен атқан полиция басшысы қызметінен қуылды

Абай облысы Шар қалалық полиция бөлімінің бастығы желіде жарияланған видеодан кейін қызметінен босатылды, деп хабарлайды sadaq.kz.
Бұған дейін желіде полиция басшысының қоластындағыларға "тәрбиелеу" мақсатында айырсадақ атқан видеосы тараған еді.
Облыстық полиция департаменті видеодағы адам Шар қалалық полиция бөлімінің бастығы екенін растап, қызметтік тергеу аяқталғанын мәлімдеді.
"Тәртіптік комиссия жұмысының қорытындысы бойынша Жарма ауданы Шар қалалық полиция бөлімінің басшысы қызметтік этика нормаларын бұзғаны үшін қызметінен босатылды", – деп хабарлады облыстық полиция бөлімі.
Сіздің реакцияңыз қандай?






