«Көліктің есіктерін ашып жүрген»: Әл-Фараби көшесінде өрескел тәртіп бұзған жүргізуші көзге түсті

Сәуір 15, 2026 - 11:04
app_badging Сәуір 15, 2026 - 11:07
chat_bubble  0 visibility  2
«Көліктің есіктерін ашып жүрген»: Әл-Фараби көшесінде өрескел тәртіп бұзған жүргізуші көзге түсті
Фото: Видеодан скрин

Алматының Әл-Фараби даңғылында көліктің есіктерін ашып, музыканың бар дауысын шығарып, тәртіп бұзған жүргізушінің әрекеті бейнекамераға түсіп қалды, деп хабарлайды Sadaq.kz.


Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, бұл жағдай таңғы сағат 04:00 шамасында болған. Жүргізуші көліктің алдыңғы екі есігі айқара ашып, музыканы қатты қойып, жүріп өткен. 

Видеоны көрген желідегілер көліктегілердің жан-жағындағы адамдардың мазасын алып қана қоймай, жолдағы адамдардың өміріне қауіп төндіргенін жарыса жазды. Жол ережесін өрескел бұзғандардың видеосы полиция қызметкерлерінің де назарына ілікті. 


“Аталған дерек бойынша Қоғамдық қауіпсіздік басқармасы тексеру жүргізіп жатыр. Жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғандар міндетті түрде анықталып, жауапкершілікке тартылады", – деп мәлімдеді ведомсвто.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0