«Күйеу баласының аты - Әли»: Мұхтар Құл-Мұхаммед арабтармен құда болды

Дидар деген қызын Әли деген шетелдікке ұзатыпты. Той бір апта бұрын Шымбұлақтағы Chalet деген қымбат ресторанда өткен.

Маусым 9, 2025 - 15:44
Маусым 9, 2025 - 15:45
«Күйеу баласының аты - Әли»: Мұхтар Құл-Мұхаммед арабтармен құда болды
"Тойдың тақырыбына түсіп, майдаланып кетіпсің Диас" деп сөге көрмеңіздер. Мына жаңалықты жазбасыма болмай тұр. 
Қазақтың қыздары өзге ұлт өкілдеріне күйеуге тимесін деп даурығамыз да жатамыз. Бірақ оны ұлтым, жұртым деп жүрген игі жақсылар пысқырмайтын да сияқты.
Мәселен, мемлекет қайраткері Мұхтар Құл-Мұхаммед ағамыз жақында арабтармен құда болды. Дидар деген қызын Әли деген шетелдікке ұзатыпты. Той бір апта бұрын Шымбұлақтағы Chalet деген қымбат ресторанда өткен. Көп ешкім жоқ, ең жақын деген 40-50 шақты адамның басын қосып тауда тойлапты. Бұл ақпаратты сол тойда болған оқырмандарым жіберді. Бірақ дереккөздерім Дидардың Дубай, Біріккен Араб Әмірліктері, Катар не Мысырға келін болғанын нақты айта алмады. Так что Сәкен Майғазиев ұлының тойына мың адам шақырады екен, тойдың трансляциясын сатып алып көруге болады деген ақпаратқа қуану керек сияқты.
Біреудің жеке өміріне араласып, табалаудан аулақпын. Бірақ ұлтжанды азаматтардың ұрпағы шетелге тұрмысқа шығып жатқанда, басқалар туралы сөз қозғаудың өзі артық. Қыз бен тұздың жүрмейтін жері жоқ дейді қазақ. Өзім де үш қыз тәрбиелеп отырғандықтан бірдеңе деуге қорқады екенсің.
Журналист Диас Нұрақынның facebook парақшасынан 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow