Маңғыстау облысында үйлерді су басты

Сәуір 15, 2026 - 18:54
 0  107
Маңғыстау облысында үйлерді су басты
Фото: Лада басылымы

Маңғыстау облысында нөсер жауынның салдарынан үйлерді су басты, деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше 14-15 сәуір аралығында өңірде айлық нормадан 3-4 есе көп жауын-шашын түсті. 

"Нөсер жаңбыр салдарынан Жаңаөзен қаласы, Маңғыстау және Қарақия аудандарында көшелерді су басты. Жаңаөзен қаласында 2 тұрғын үйге су кірді", - деп жазылған хабарламада.

Жағдайды тұрақтандыру үшін жергілікті атқарушы органдар мен ТЖД-дан 50-ден астам техника және 150-ден астам жеке құрам жұмылдырылды.

Сондай-ақ, қатты жел салдарынан Маңғыстау және Бейнеу аудандарында шамамен 20 тұрғын үйдің шатыры зақымданды.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0