Маңғыстауда балықтан уланған отбасының жағдайы қалай?

Ауруханадан шыққан тұрғындардың бірі дәрігерлерге алғысын білдірді. Енді балық жемейтінін айтты.

Қазан 14, 2026 - 10:33
 0  1
Маңғыстауда балықтан уланған отбасының жағдайы қалай?
Фото: ашық дереккөз

Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданында ысталған балықтан уланып, ботулизм белгілерімен ауруханаға түскен үш адам емделіп шықты, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Ауруханадан шыққан тұрғындардың бірі дәрігерлерге алғысын білдірді. Енді балық жемейтінін айтты. 

"Енді балық жемейтін болдым. Бізді қиын жағдайдан құтқарып, емдеген дәрігерлер мен медбикелерге рахмет. Халықтың алғысына бөлене беріңіздер",  – деді ол. 

Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді.

Еске салайық, 2026 жылғы 21 қыркүйекте бір отбасының төрт мүшесі, оның ішінде кәмелетке толмаған бала, ысталған балық тұтынғаннан кейін медициналық көмекке жүгінген. Науқастарға қажетті ем көрсетіліп, ботулизмге қарсы сарысу енгізілген. Өкінішке қарай, баланың өмірін сақтап қалу мүмкін болмады. Қалған үш науқас емделіп, ауруханадан шығарылды.

Мамандар ботулизмнің жүйке жүйесін зақымдайтын қауіпті ауру екенін ескертеді. Ол көру қабілетінің бұзылуына, жұтыну мен тыныс алудың қиындауына әкелуі мүмкін. Ауру көбіне дұрыс дайындалмаған немесе тиісті жағдайда сақталмаған тағамдарды тұтынудан туындайды.

Сондықтан мамандар үй жағдайында дайындалған консервілер мен ысталған балық өнімдерін тұтынғанда сақ болуға шақырады. Ботулизмге күдік туындаса, дереу медициналық көмекке жүгіну қажет. 

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0