«Онға жуық ит жүрді»: Көкшетауда бұралқы иттер жүкті әйелге шабуыл жасаған
Көкшетауда бұралқы иттер жүкті әйелге шабуыл жасады, деп хабарлайды Sadaq.kz сайты Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Жәбірленушінің айтуынша, оқиға 16 сәуір күні Бурабай шағынауданында акушер-дәрігердің қабылдауынан үйіне қайтып келе жатқан сәтте болған.
"Иттер шамамен он шақты болды. Алдымен олар менімен қатар келе жатқан әйелге тап берді, кейін маған шабуыл жасады", – дейді жәбірленуші.
Абырой болғанда, әйелдерге жақын маңнан өтіп бара жатқан ер адам көмекке келген. Ол иттерді қуып жіберіп, жедел жәрдем шақырған.
Дәрігерлер жарақатқа ем қолданып, құтыруға қарсы екпе курсын тағайындаған. Енді жүкті әйел құтыруға қарсы вакцинация курсынан өту қажет.
Сонымен қатар болған оқиғаның жатырдағы баланың денсаулығына қалай әсер ететіні әлі белгісіз.
Жергілікті тұрғындар бұралқы иттер тобының бұл шағынаудандағы №11 орта мектеп маңында ұзақ уақыттан бері жүргенін, мұндай жағдайлар бұған дейін де болғанын айтады.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0