Өскеменде қоқыс контейнерінен нәрестенің мәйіті табылды

Ақпан 27, 2025 - 12:41
Өскеменде қоқыс контейнерінен нәрестенің мәйіті табылды
Фото: Pixabay.com

Өскеменде әйел адам босанып, сәбиін қоқыс контейнеріне лақтырып жіберген, деп хабарлайды sadaq.kz.

Instagram желісіндегі f16_kaz парақшасының мәліметінше, жалдамалы пәтерде тұратын 44 жастағы әйел адам медициналық көмекке жүгінбей, жалғыз өзі босанған. Оның айтуынша, сәби өлі күйінде өмірге келген, содан кейін мәйітті қоқыс жәшігіне тастай салған.

Әйел адам жүкті ретінде есепте тұрмағаны, медициналық көмекке жүгінбегені анықталды. Кейін ол жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілді. Желідегі мәліметтерге сүйенсек, куәгерлер жаңа туған нәрестенің денесін өткен жексенбіде тапқан.

Редакцияның сауалына жолдаған жауабында Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

«Жедел іс-шаралар барысында сәбидің анасы анықталды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр», - делінген ПД хабарламасында.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow