Өскеменде трамвай аялдамасында ер адам қайтыс болды

Сәуір 17, 2026 - 11:56
 0  13
Өскеменде трамвай аялдамасында ер адам қайтыс болды
Фото: Видеодан скрин

Өскемен қаласында Шәкәрім даңғылындағы трамвай аялдамаларының бірінде ер адам қайтыс болды, деп хабарлайды Sadaq.kz.

ШҚО полиция департаментінің мәліметінше, жедел медициналық жәрдем бригадасының фельдшері «102» арнасына 16 сәуір күні шамамен сағат 15:00-де хабарлаған.

Дәрігерлердің айтуынша, 1970 жылы туған ер адам қоғамдық көлік аялдамасында жедел жәрдем келгенге дейін кенеттен көз жұмған.

«Оқиға орнына жедел-тергеу тобы шықты. Қажетті тексеру шаралары жүргізіліп, болған жағдайдың барлық мән-жайы анықталып жатыр», – деді полиция.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0