«Өзімізге де өте ауыр тиіп жатыр»: Нұрайды өлтірген күдікті танымал блогердің інісі болып шықты

Қаңтар 17, 2026 - 16:43
Қаңтар 17, 2026 - 17:30
 0  104
«Өзімізге де өте ауыр тиіп жатыр»:  Нұрайды өлтірген күдікті танымал блогердің інісі болып шықты
Фото: Sadaq коллажы

Әлеуметтік желіде Нұрай Серікбайды пышақтап өлтірген Аймахан Шерхан белгілі блогерлердің туысы деген ақпарат тарап, блогерлер мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sadaq.kz.

«Шымкентте болған  Нұрайға қатысты оқиғаға бойынша шығып тұрмыз. Ең бірінші Нұрайдың ата-анасына, туған- туыстарына шын жүректен қайғырып көңіл айтамыз. Алла тағала жүректеріңізге тыныштық берсін, қазіргі жағдайларыңызды мейрімімен жеңілдетсін. Бұл жағдай – кез келген ата- ана үшін орыны толмас қайғы. Шын жүректен көңіл айтамыз»,– дейді Камила. 

Аймахан Шерханның туысқандары екенін растады. 

«Екіншіден, барлықтарыңыздың қойып жатқан сұрақтарыңыз – Аймахан Шерханның сендерге қандай қатысы бар ? Иә, Шерхан Мағжанның әкесінің  інісінің  баласы. Біздің туысымыз. Және ешкім баласын қатыгез, зұлым болсын деп қаламайды. Ойына кіріп те шықпайды, сол үшін бұл жағдай өзімізге де өте ауыр тиіп жатыр. Ешкім қызын аяқ-асты біреудің қолынан өліп кеткенін де қаламайды. Екі жақтың да ата-анасына өте ауыр жағдай. Бұл екі тараптың да қазіргі жағдайын ешкімге  тілемейміз»,– деді.

Олардың сөздерінше, туысқандарына қандай жаза берілсе де келісіп, соттың тек әділ өткенін қалап отыр. Ештеңемен Нұрайдың орнын толтыра алмайтындарын жеткізіп, отбасына көңіл айтты.

«Көптің айтуынша, блогермен туыс болса бірдеңе шешіліп кетіп, әділ емес болып қалмасын деген ақпарат жайылып кетіпті. Керісінше, халықтың алдында жүрген адам  ретінде қанша туысымыз болса да бұл жағдайда  әділ жаза және соттың әділ шешімі шыққанын қалаймыз»,– деп блогер жала жаппауды өтінді. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 1
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0