Семейдегі «Bala Park»-тағы өрт бойынша соңғы дерек

Наурыз 3, 2026 - 22:26
Наурыз 3, 2026 - 22:56
 0  8
Семейдегі «Bala Park»-тағы өрт бойынша соңғы дерек
Фото: ТЖД

Бүгін, 3 наурыз күні, Семей қаласының орталығында орналасқан «Bala Park» балалар ойын-сауық орталығында ірі өрт шығып, ғимараттың шатыры құлады. ТЖМ күштерінің соңғы мәліметіне сәйкес, өрт толық сөндірілді. Бұл туралы Sadaq.kz хабарлайды.

Өртті сөндіру жұмыстары ғимараттың ерекшеліктеріне байланысты күрделі жағдайда өтті. Министрлік мәліметінше, ғимараттағы қатты түтін мен жанғыш материалдардың көптігі өртті сөндіруді қиындатқан.

Оқиға орнында жедел штаб құрылып, жеке құрамнан 120 адам мен 21 бірлік техника жұмылдырылды. Қала әкімі Әділет Нұрсағатов жағдайдың толық бақылауда екенін және келушілер мен қызметкерлердің дер кезінде эвакуацияланғанын хабарлады.

Денсаулық сақтау басқармасының соңғы деректері бойынша, медициналық көмекке 6 адам жүгінген. Олардың ішінде 5 адам алғашқы көмек көрсетілгеннен кейін үйлеріне жіберілсе, бір адам ауруханаға жатқызылды.

Психологиялық немесе ақпараттық көмек қажет ететін азаматтар үшін ТЖД жедел желі телефоны іске қосылды: 8 (7222) 35-38-36

Құзырлы органдар қала тұрғындарынан тек ресми ақпарат көздеріне сенуді және әлеуметтік желілердегі тексерілмеген мәліметтерді таратпауды сұрайды. Қазіргі уақытта мамандар өрттің шығу себебін анықтау үстінде.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0