Су тасқыны: Аягөзде үш адамды тасқын алып кетті

Сәуір 16, 2025 - 12:12
 0  274
Су тасқыны: Аягөзде үш адамды тасқын алып кетті
Фото: Pixabay.com

Аягөз ауданы, Ақшәулі ауылында суға құлаған 3 азаматтың да қайтыс болғаны белгілі болды, деп хабарлайды sadaq.kz.

Құтқарушылар Қаракөл өзенінен марқұмдардың денесін алып шыққан.

Олар: Паль Василий Владимирович 18.09.1980 
           Бобко Юрий Андреевич 15.09.1978
          Каймолдинов Бөкейхан Кабирович 02.10.1967

Еске сала кетсек, 15 сәуірінде 15 -00 шамасында Аягөз ауданы, Ақшәулі ауылдық округі, Ақшәулі ауылы, Қаракөл өзені, Көк-кәмір учаскесінде 3 жұмысшы аспалы көпірден өтіп жатқанда суға құлап кеткен. Іздестіру шараларына 12 адамнан тұратын Жедел-құтқару жасағының (ЖҚЖ) жеке құрамы, 18 полиция қызметкерлері, 25 аудандық әкімшілік қызметкерлері, 110 волонтер тартылды.

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 1
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 2
😮 Жарайсың 0