Теміртауда баланың көзінше ит атқан шенеуніктердің басы дауға қалды
Теміртаулық әйелдің видеосында баланың жерде жатқан итінің жанында «көмектесіп, тұрғызайықшы» деп өкісіп жылағаны бейнеленген.
Теміртауда қалалық шенеуніктер иттерді күндіз балалардың көзінше атқан. Желіде өлім аузында жатқан иттің қасында қатты жылаған баланың видеосы тарап, қызу талқыға түсті, деп жазады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.
Теміртаулық әйелдің видеосында баланың жерде жатқан итінің жанында «көмектесіп, тұрғызайықшы» деп өкісіп жылағаны бейнеленген, деп хабарлады stan.kz.
Ана бала психологиясына әсерін тигізді деп, иттерді ашық түрде атқан қала басшылығына қарсы арыз жазған. Алайда әлеуметтік желіге шығып, мемлекеттік органдарға үндеу жолдағаннан кейін баланың анасына басшылықтан қысым көрсетіле бастаған.
Заңгер Анастасия Смирнованың айтуынша, қазір жергілікті шенеуніктер оның мемлекеттік органға берген арызын қайтаруын талап етіп жатқан көрінеді.
"Ішкі саясат бөлімі оны қамқоршылық органдары қарайды деген. Алайда ұлдың анасына видеоны таратуға хақысы жоқ екенін және иттерді атқан кезде баласының ол жерде болмауы керектігін ескерткен. Бірақ өздері иттерді күндіз балалар ойнап жүрген аулада атып жүр. Енді баланың анасына арызын қайтып алуы үшін қысым көрсетіп жатыр екен", – деді заңгер.
Сіздің реакцияңыз қандай?