ҰҚК Атырау қаласының әкімін ұстап әкеткен

Маусым 2, 2026 - 16:24
chat_bubble  0 visibility  0
ҰҚК Атырау қаласының әкімін ұстап әкеткен
Фото: gov.kz

Атырау қаласының әкімі Шәкір Кейкинді ҰҚК департаментінің қызметкерлері облыс әкімдігі ғимаратынан алып кеткені белгілі болды, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Басылым дерегінше, қала әкімі жиналыс басталар алдында жауап алуға жеткізілген. Алдын ала мәлімет бойынша, ол қылмыстық іс аясында тергеліп жатқан болуы мүмкін.

Алайда материал жарияланған сәтте Атырау облысы бойынша ҰҚК департаменті, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және облыс әкімдігі тарапынан ресми түсініктеме берілмеген.

Кейінірек басылым Шәкір Кейкиннің жауап алудан соң үйіне жіберілгенін хабарлады. Оның процессуалдық мәртебесі мен тергеу нәтижелері әзірге ресми түрде жария етілмеді.

Сондай-ақ ақпаратта тергеуді ҰҚК департаментінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жүргізіп жатқаны айтылған. Іс материалдарында 40 миллион теңгеге қатысты дерек және екінші күдіктінің бары көрсетілген.

Дереккөздердің мәліметінше, ұсталғаннан кейін Мұқасов процессуалдық келісім жасауға ниет білдіргенімен, кейін бұл шешімінен бас тартқан.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаменті мен облыстық прокуратура әзірге оқиғаға қатысты пікір білдірмеді.

Айта кетейік, Мейіржан Мұқасов — Атырау облысының тумасы. Ол 2013 жылдан бері мемлекеттік қызметте еңбек етіп келеді. Әр жылдары қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінде түрлі қызмет атқарып, кейін облыстық қаржы басқармасы мен мемлекеттік сатып алулар және коммуналдық меншік басқармасына жетекшілік еткен.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0