«Жақсы күнде жолығамыз»: Жанболат пен Жазира Дубайдан елге қайта алмай отыр
Танымал жұлдызды жұп Жанболат Бақытбеков пен Жазира Байырбекова Дубайда қалып қойғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Әншілер Біріккен Араб Әмірліктеріне демалысқа барып, Таяу Шығыстағы ахуалдың ушығуына байланысты елге қайта алмай қалған. Бұл туралы Жазира Байырбекова өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялап, жақындарының уайымдап жатқанын жеткізді.
"Дайректке, WhatsApp-қа жазып жатқан туған-туыс, дос-жарандарға үлкен рақмет. Біз жақсы хабар күтіп отырмыз. Алаңдамаңыздар. Алла қаласа, жақсы күнде жолығамыз. Ниеттеріңізге рақмет!" – деп жазды әнші.
Сондай-ақ, әнші кішкентай қызын қорқытпас үшін алдағанын да жазды.
"Даратайыма мереке қарсаңында салюттар атылып жатыр деп алдап қоямын",– деді Жазира Байырбекова.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0