Жамбыл облысында жаңа туған сәбиін қоқысқа тастап кеткен әйел ұсталды

Қыркүйек 2, 2026 - 23:58
chat_bubble  0 visibility  4
Жамбыл облысында жаңа туған сәбиін қоқысқа тастап кеткен әйел ұсталды
Фото: t.me/kriminal_kazakhstan

Жамбыл облысында жаңа туған сәбиін қоқысқа тастап кеткен әйел ұсталды, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Полицияның жедел-іздестіру және тергеу шаралары нәтижесінде күдікті қысқа уақытта анықталған. Ведомство мәліметінше, әйел кінәсін мойындаған.

«Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру және тергеу іс-шаралары барысында жаңа туған сәбиін қауіпті жағдайда тастап кеткен күдікті әйел қысқа уақытта анықталды. Күдікті полиция бөлімінде кінәсін мойындаған», - деп хабарлайды Жамбыл облысының полиция департаменті.

Жан-жақты, толық тергеп-тексеру өткеннен кейін оған қатысты шешім қабылданады.

«Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды», - деп хабарлайды Жамбыл облысының полиция департаменті.

Еске сала кетейік, бүгін таңертең Қордай ауданындағы Гвардейский гарнизоны аумағындағы қоқыс контейнерінен жаңа туған қыз бала табылған еді. Дәрігерлердің айтуынша, сәбидің өміріне қауіп жоқ. Қазір оқиға бойынша толық тергеу жүргізіліп жатыр.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0