Астанада кәріз құбырынан табылған нәрестенің анасы ұсталды
Елордада жаңа туған сәбидің кәріз жүйесінен табылуына байланысты 29 жастағы әйел ұсталды, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Бұл туралы Астана қаласының Полиция департаменті мәлімдеді.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде қаладағы қонақүйлердің бірінде әйелдің босанып, нәрестесін кәріз құдығына тастап кеткені туралы ақпарат тараған болатын. Алдын ала мәліметтерге қарағанда, әйел жүктіліктің алтыншы айында мерзімінен бұрын босанған.
Қазір аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Оқиғадан кейін қонақүй орналасқан тұрғын үй кешенінің тұрғындары да өз шағымдарын айтты. Олардың сөзінше, бұл нысаннан түнгі уақытта айқай-шу жиі естіліп, полиция бірнеше рет шақырылғанымен, мәселе толық шешілмеген.
Полицияның мәліметінше, 2026 жылдың басынан бері осы қонақүйден «102» қызметіне барлығы 19 шақырту түскен.
Соның нәтижесінде тыныштықты бұзғаны үшін 13 адам, ал қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін тағы 3 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Бұдан бөлек, қонақүй иесіне құқық бұзушылықтардың туындауына ықпал ететін себептерді жою жөнінде ресми ұсыным жолданған.
Полиция өкілдерінің айтуынша, аталған аумақ учаскелік инспекторлардың тұрақты бақылауында.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0