«Айтыстың арыстаны, қарсыластың киллері»: Айтыскер ақындар Бекарыс Шойбековке құрмет көрсетті (ВИДЕО)

Наурыз 3, 2026 - 13:39
Наурыз 3, 2026 - 13:41
 0  2
«Айтыстың арыстаны, қарсыластың киллері»: Айтыскер ақындар Бекарыс Шойбековке құрмет көрсетті (ВИДЕО)
Фото: Видеодан скрин

Бір топ айтыскер ақын Түркістан қаласына арнайы барып, 50 жасқа толған Бекарыс Шойбековке ат мінгізді, деп хабарлайды Sadaq.kz.  Олардың арасында Айнұр Тұрсынбаева, Балғынбек Имашев, Сырым Әуесхан, Жандарбек Бұлғақов бар.

«Түркістан қаласына келдік. 13-14 жасымыздан бірге келе жатқан досымыз бізден бір жыл ерте туған, 50-ге келіп жатыр. 22 наурызда Түркістанда үлкен той болады. Алдын ала арнайы келдік», – дейді Айнұр Тұрсынбаева.

Айтыскерлер Бекарыс Шойбековке шапан жауып, құндыз бөрік кигізді. Сондай-ақ әріптестері Шойбековке арғымақ ат мінгізді.

«Бүгін қазақ айтысының көзі тірі аңызы Бекарыс Шойбековтың елу жылдығымен құттықтап, келе жатқан мерейлі мерейтойының қарсаңында астына арғымақ ат мінгізіп, үстіне қазақы дәстүрмен шапан жауып қайттық. Қандай заман келсе де, трендтен түспейтін айтыстың арыстаны, қарсыластарының киллері Бекарыс ақынды айтыссүйер халық та, айтыскер ақындар да ерекше мойындайды. Өзі айтыстың сахнасында, аты көкпардың додасында атой салып, қай қияға салса да, олжасыз қайтпайтын оғланымыздың өмірі ұзақ болсын! Қазаны оттан, ал өзі аттан түспесін!», – деп жазба қалдырды Жандарбек Бұлғақов.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0