Экс-министр Бағдат Мусиннің қызы әлемнің 10 университетінен шақырту алған
Оның айтуынша, бұл 11 жылғы білімнің нәтижесі.
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болған Бағдат Мусиннің қызы Аружанның әлемдегі 10 университеттен шақырту алған, - деп жазады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.
Оның айтуынша, бұл 11 жылғы білімнің нәтижесі. Қызының креативті, өнерлі, талапты екенін жазған Мусин оның «білікті, өз жолын қуар, адал қызмет етер маман болуын» тілеген.
«Әлемнің түрлі 10 университетінен шақыру алғаның 11 жыл мектепте бекер жүрмегеніңе дәлел. Ал әке ретінде айтарым, ең бастысы қай университетті таңдасаң да, ортаңды дұрыс таңда және де елге оралуды көзде», - дейді Мусин.
Естеріңізге сала кетейік, министрлер кабинетіндегі ең жас шенеуніктің бірі болған Бағдат Мусин бір ай бұрын қызметінен кеткен еді.
View this post on Instagram
Сіздің реакцияңыз қандай?