Қаңтар қасіреті әлем сахнасында: ЖИ көмегімен жасалған анимация Берлинде көрсетілмек

Қаңтар 16, 2026 - 12:23
 0  17
Қаңтар қасіреті әлем сахнасында: ЖИ көмегімен жасалған анимация Берлинде көрсетілмек
Фото: www.berlinale.de

2022 жылғы қасіретті Қаңтар оқиғасы әлемдік кино өнерінің төрінде талқыланбақ. Халықаралық деңгейдегі танымал пәнаралық суретші және бейне-арт шебері Алмагүл Меңлібаеваның жасанды интеллект (AI) технологиясымен жасаған «AI Realism – Qantar 2022» атты қысқаметражды туындысы 76-шы Берлин халықаралық кинофестивалінің (Berlinale) ресми бағдарламасына енді, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Автордың айтуынша, жобаның негізгі мақсаты — үзінділер арқылы «контр-естелік» қалыптастырып, ЖИ-дің ақпараттық соғыстағы күші мен дәрменсіздігін паш ету. Бұл — қазақ өнеріндегі заманауи технологияны саяси-әлеуметтік тақырыпта қолданған алғашқы ауқымды эксперименттердің бірі.

Айта кетейік, Берлинале — Канн және Венеция байқауларымен қатар тұратын әлемдегі ең беделді кинофорум. Онда туындысы таныстырылатын Меңлібаеваның жұмыстары бұған дейін Венеция биенналесі мен Нью-Йорктің ірі галереяларында жоғары бағаланған. 

Аталған халықаралық шара 2026 жылдың 12–22 ақпан аралығында Германия астанасында өтеді.

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0