Маржан Арапбанваны күйеуі шашынан сүйреп, соққыға жыққан
Әлеуметтік желіде Ербол Нұрмұхамбетов қоғамдық орында дөрекі сөз айтып, азаматтық некедегі жұбайы, танымал әнші Маржан Арапбаеваны соққыға жыққаны туралы ақпарат тарады, – деп хабарлайды Sadaq.kz.
Оқиға 2026 жылдың қаңтар айында түнгі уақытта болған.
Сот шешімімен ол ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынған. Негізінде оның әрекеттері қылмыстық құқықбұзушылық ретінде саралануы мүмкін болғанымен, сот әкімшілік шарамен шектелді.
Қоғамдық орында бейәдеп сөздер қолдану арқылы көрініс тапқан ұсақ бұзақылық фактісі бойынша 43 жастағы елорда тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сондай-ақ тұрғын үй ауласында азаматтық жұбайымен болған жанжал кезінде оған қатысты физикалық күш қолданғаны анықталды.
Ер адамға қатысты дене жарақатын келтіру фактісі бойынша қосымша арыз тіркелді.
Сот оған 10 тәулікке әкімшілік қамау түріндегі жаза тағайындады.
Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0