Нұрлан Өнербаев қазақ тілінде сөйлемейтіндерге айыппұл салуды ұсынды

Ақпан 6, 2025 - 16:14
 0  76
Нұрлан Өнербаев қазақ тілінде сөйлемейтіндерге айыппұл салуды ұсынды

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, əнші, қоғам қайраткері Нұрлан Өнербаев қазақ тілінде сөйлемейтіндерге айыппұл салуды ұсынды, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

"Күнде бір айыппұл түрін шығарасыңдар! Бір айыппұл түрін халық өзіміз ұсынайық. Қазақ тілінде сөйлемейтіндерге 39 320 теңге айыппұл салынсын", - деді ол.

Өнер иесінің бұл бастамасын оқырмандары бірауыздан қолдады.

"Астана мен Солтүстіктегі орыс болып кеткен қазақтар әліппе жаттасыншы", "Аз ғой, 1 миллион теңге салынсын", "Әп бәрекелді", "Келісемін", "Толық келісемін. Өз тілімізді өзіміз құрметтемей кеттік шүлдірдеп", "Орынды ұсыныс", - деп жазған олар.

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0