Сақ қорғандары қандай құпия-сыр сақтап келді?

Арыс һәм аристократия
Бұлардың ендігі мәселесі, бүкіл мұсылманды аристократиядан айырып, күл етуге кіріскен империялық мақсатта тұр. Сондағы басты нысана, әрине Кіші Азия халықтары мен анау Иранға бағытталуда. Қытайды жойып, Орта азиялықтарды аяққа тепсу де сол жобаның ішінде. Тегінде тұтас елдерді қару жұмсамай да өлтіруге боларын өмір өзі сан рет көрсеткен. Сондайдың екпінді шағы жаңа эраның ХІІІ ғасырында басталыпты. Азиядан Батысқа қарай бағытталған эмиграция тасқыны сол арқылы білімділерді жыл санап көбейте келе Европаны сауаттандырды! Құдай ісі керемет қой. Осылайша барып, ғылым атаулы бұл Европада эмигрант азиялықтардың арқасында пайда болып өрістеді. Теориялық ғылымдарды практикамен ұштастыру өмірге келді. Планетаның беті сондайды тілеп тұрған сәтте европалық фамилиядағы азиялық ғалымдар көбейді. Псевдоним жамылған азиялықтардың Европаны бұлай жарылқағанын жасыра берудің енді пайдасы жоқ. Осының бел ортасында Иоганн Кеплер мен Галилео Галилей тұрғаны бәрібір де ертең ашылады. Сол себептен де бұл екеуінің қабірін іздеп, европалықтар әлек болмасын дейміз.
Атақты патшаларына дейін түгелімен псевдоним жамылған европалық бөлікте ғылым мен мәдениет азиялықтарсыз тегінде орнамас еді. Бұның материалдық дәлелі сондағы патшалардың «гробница» құпиясында жасырулы екені де ертең ашылатын шындық. Ал енді БҰҰ жүйесінде қолданылатын басты алты тілдің бәрі де бір кездегі үлкен Азиядан өріс алған ұлттық тілдер болғанын еске алатын кез жетті. Бір кездегі Жер Планетасында тұтастай қызмет еткен түп аталық ортақ тіл бүгінге жеткенше дара-дара халықтардікі боп түр өзгеріске түсті де, негізін сіздерге ұмыттырды. Осыны ұзақ өмір бойында жасатқан үш себебін атасақ та болар.
1) Үлкен Азиядан шыққан өскін ұрпақтар барып қоныстанған жаңа жерлердің топырақ құрамындағы геохимиялық әсері кісінің тәні мен жүйкесіне айтарлықтай ықпалды болғаны басты бір себеп. 2) Қоныстанған территориядағы аспан ішінде билік құрған энергетикалық күштердің кісі рухы мен жанына психологиялық ықпалы әр жерде әрқалай болған соң да сөйлеу мәнеріне соншалықты әсер еткен. 3) Бір анадан туылған он бала болса да персон ретінде дара-дара табиғатты екені сөйлеу қабілетіне өзінше ықпалды ғой. Қазірдің өзінде бір отбасындағы үш баласы қазақтың да, орыстың да сөздерін бірдей дыбыстамасын күнде көріп жүрсіз. Осы балалар жеке-жеке үй болып, өз өрісін тапқанда, ертеңгі сәттегі жаңа замандық үш түрлі халыққа түп ата боп шығуы әбден мүмкін. Десек те, үлкен Азияның төрінде болған баяғы ортақ тілді әліге дейін сақтаған аз санды халықтар бар да, сонымен қатар ол тілді танымастай өзгеріске ұшыратқан көп санды «бөтен балалар» да жүр. Осындайдың ең көрнектісі – ағылшындар. Британиядағы халық не себептен дәп осылай сөйлейтіні көне қазаққа аян сыр.
Үлкен азиялық ортақ тілді алдымен ағылшындардың солай бұзатыны анау Есік қорғандағы Алтын адамның жазуында ескертілген. Жалпы алғанда, біздегі ана тілдің мәселесі Есік қорғандағы Алтын адамның жазуында ең толық айтылған басты мәселе екенін, әрине сіздер күтпедіңіздер. Анау тақырыптағы аристократия – кәдімгі бір елдің атауы екен. Олардың қайсы аймақта өмір сүргенін де Алтын адамның жазуы көрсетіп тұр. Әлем бойынша аталған жалғыз аристократия елі қазіргі Оңтүстік Қазақстанда болған АРИСТИТИ дарияның бір жақ жағалауын жайлапты. Бұл дарияның бүгінге жеткен қалдығы қазіргі тілде Арыс боп жатыр, әне.
Мән-жайға үңілсек, көне Азияның аристократиялық көлемді тілін мынау кезде құртқаны – әркім өзінше ойлап тапқан «тіл теориясы». Содан бұның орысқа тиесілі игіліктері бергі төрт-бес ғасырда қалыптасыпты. Жаңа қазақтағы тілдік өзгерістер
Ильминский мен Радловтардан кейінгі ортақ жанашырлардың арқасында гүлденіп, ХХ ғасырдың екінші жартысында толысып болған. Орыс тілін өткен ғасырларда жасаған топ жазушысы оның грамматикасына көрнекті үлес қосты ма, жоқ па, оған қатысты бүге-шігені тіл мамандары білер.
Ал енді, орыс тілінің грамматикалық үлгісін әкеліп, қазақ тіліне жапсырған біздің жанашырлар бәрінен де «ақылды» дейсің. «Қараңғы қазақты» сауатсыздықтан құтқармаққа ұрандай шақырған орысшыл интеллигенцияның артында қалған жалпақ табан ізі – қазіргі ана тілдегі мүсәпір күй. ХХ ғасырдың 80-ші жылдарында-ақ бұл тілді келмеске кетіре жаздады. Содан соң барып, 1989 жылы ана тілдің статусы жалма-жан өмірге келді де, бұған таяныш боп тірелді. Содан бері қарай өткен он сегіз жыл ішінде дәп осы мәселе бойынша қанша жігіттердің жаны күйіп, шаштары ағарғаны көз алдыда.
Өз кезінде В. В. Радлов көркемдігін таң қала суреттеген тамаша ана тілдің күйі одан соң бір жарым ғасыр өткенде керексіз кемтар тілге айналуы неден дейміз. Бұның да басты-басты үш себебі бар, ағайын.
а) Алуан түрлі оқиғалардан кейін елден бөлініп, саяқ жүріске түскендердің дені батыстағы мемлекеттерге барып сіңді. Осындай сіңбе қазақтардың бес ғасырлық үлесінде казактар өмірге келді. Содан соң барып, біздің жерді өз тұрғындарынан босатуға кіріскен «казачье войско» құрылды да, өз кереметтерін жапа-тармағай көрсетті. Ең таңқалыстысы сол, бұндай оқиғалардың болуы Әлкей Марғұланның кезінде табылған бір археологиялық бұйымда жазулы екенін біз енді ғана оқыдық. Біздің осы күйді Аталар сонау ерте дүниеде көре білгендей.
б) Соңғы бес-алты ғасырда қырғын соғыстар мен түрлі эпидемиядан көз ашпаған сорлы қазақ аштыққа да толассыз ұшырады. Елдің ішін ауру-сырқаулар басса, ондайлардың ортақ тілдегі үлесі «еріне сөйлеу» мәнерінде болары анық. Нақты түрде дұрыс дыбыстаудың орнына әлсірей естілген әрбір сөз өз-өзінен бұрмалана берері анық. Қазақ тілінде пайда болған ұсқынсыз «ә», ыңыранысты «ы», тамақты қырнайтын «қ» – біздің тілді жалпы түркіден алыстатқан жасандылық. Осы әріптер пайда болғалы атадан жеткен «АКА»-ның орнына имиген арық-тұрақ «әкені» әрең ұстап жүрміз. Қазақ жеріндегі жартас жазуларын оқи алмау да осындай қыңырлықтан еді. Бар болғаны екі-үш ғасыр ішіндегі тілдік өзгерістен кейін қарт қазақтың тілі «ең жас тіл» деген анықтаманы орыс Маловтан алды да, жаңа қазақтарды қуантты.
в) Диссертация қорғап, ғылыми атақ алғысы келген әсіре жаңашыл қазақтардың тіл білімі саласындағы еркін қаламды өкілдері түгелімен баяғы Петр І патшаның ұлы орыстық нұсқауларын бүгінгі қазақтың үстінде орындап шыққан еріктілер.
Әлем бойынша алғанда орысты Ұлы халық деңгейіне қолмен көтерту мәселесі тұп-тура төрт ғасыр уақытты алды. Содан оның ең белсенді деген максимум кезеңі біздің ХХ ғасырға дөп келді деп, тіл біліміндегі зерттеуші қазақтарды өзіне қызмет еткізді. Қазақ тіліндегі сөздік қордың бәрін диссертация қорғау сылтауымен жүріп, «кірме сөздерді терейікші» науқанында экспорт тауарға айналдыртып, сыртқа шаштырды. Сол кезде әлгі әке мен шешенің атауы да қазақ сөзі болмай шықты, әнеки. Енді міне, осының нәтижесінде жетілген бүгінгі қазақ жастарында қазақ атауын ұнатпайтын қазақ тілді қыздар өсіп жатыр. Өзінің туған әкесін менсінбейтін мектеп оқушылары жүр. Бұндайдың алғашқы толқыны бұдан қырық-елу жыл ілгеріде туылған болатын. Осындайлардың саны 100 пайыз деңгейге жетпей тұрғанда анау Хұн дәуіріндегі АРИСТИТИ дарияның бойын жайлаған аристократиялық елдің бізге қалдырған заттарын сыртқа шығартып, Әлем алдында паш ету қажет.
17 Мамыр 2007 жыл
Есік қорғанынан шыққан Алтын адамның күміс зереншедегі 26 таңбасының шифрын кванттық физиканың көмегімен ашып, дүниежүзі тарихына қатысты орасан мол мәлімет шығарған ғалым Мағрипа Жылқыбаеваның (1945-2019) «Алтын адамның мұрасы» деп аталатын кітабынан үзінді
Сіздің реакцияңыз қандай?






