Тоқаев суррогат ана қызметіне қатысты жаңа заңға қол қойды

Шілде 15, 2026 - 16:09
chat_bubble  0 visibility  6
Тоқаев суррогат ана қызметіне қатысты жаңа заңға қол қойды
Фото: Pixabay

Мемлекет басшысы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңға қол қойды, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Енді суррогат ана қызметін тек некеде (ерлі-зайыптылықта) тұрған Қазақстан Республикасының азаматтары ғана пайдалана алады.

Заңға сәйкес, суррогат анамен шарт жасасатын ерлі-зайыптылар:

· суррогат ананың медициналық тексеруден өтуіне кететін шығындарды төлейді;
· қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологияларды қолдануға жұмсалатын шығындарды өтейді;
· репродуктивтік технологияларды қолданатын медициналық ұйымға өздерінің дене және психикалық саулығы туралы медициналық қорытындыны, сондай-ақ медициналық-генетикалық тексеру нәтижелерін ұсынады;
· суррогат ананың жүктілік, босану және босанғаннан кейінгі 56 күн ішіндегі медициналық қызмет көрсету шығындарын өтейді. Егер жүктілікке немесе босануға байланысты асқынулар болса, бұл шығындар босанғаннан кейінгі 70 күнге дейін төленеді.




Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0