Тең мен қатар — синоним: Шерхан Мұртаза орыс тілін қазақ тілімен «қатар» қолдануды алдамшы форма деп атаған (ВИДЕО)
ҚР Конституциясының жаңа жобасында орыс тіліне қатысты өзгеріс ұсынылды: «тең» сөзі «қатар» сөзімен ауыстырылмақ. 1992 жылы жазушы Шерхан Мұртаза осы ұғымдарды сынға алып, айырмашылығы жоқ деп айтқан болатын, деп хабарлайды sadaq.kz.
Шерхан Мұртаза сол кезде былай деген еді:
«Осында орыс тілі мемлекеттік тілмен қатар тұрсын деген пікір айтылып жатыр. Онда оның мемлекеттік тілден қандай айырмашылығы бар? «Наравне» (тең) немесе «наряду» (қатар) деген сөздер мемлекеттік тілдің синонимі. Тек алдамшы форма ғана. Басқа ешқандай айырмашылық жоқ. Сондықтан мен ойлаймын бұл формула «Тасты жапалаққа ұрсаң да жапалақ өледі, жапалақты тасқа ұрсаң да жапалақ өледі дегені». Ақыр түбінде соры қайнайтын қазақ тілінің өзі болып шығады», — деген еді.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0